Президент Ауғанстан басшылығына елдегі қайғылы жағдайға байланысты көңіл айтты

АСТАНА. KAZINFORM — Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстан басшылығына аталған елде болған зілзала салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Ақорда
Фото: Ақорда

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ауғанстанның шығысында болған алты балдық жер сілкінісінен 800-ден астам адам қаза тауып, шамамен 2 800 адам түрлі жарақат алды. 

Еске сала кетейік, мұның алдында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Көпжақты ынтымақтастықты дамыту, өңірлік қауіпсіздік пен орнықты дамуды қамтамасыз ету» тақырыбына арналған «ШЫҰ плюс» саммитінде сөз сөйлегенін жазған едік. 

 

Соңғы жаңалықтар