ПРЕЗИДЕНТ АЙТҚАН СЫН: Мемлекеттік сатып алулар саласындағы заң бұзушылықтардың басым бөлігі жалған актілерге қатысты - ШҚО бойынша қаржы полициясы

ӨСКЕМЕН. 8 қараша. ҚазАқпарат - Орындалған жұмыстардың жалған актілеріне қол қойған Курчатов, Семей, Өскемен қалалары және Аягөз ауданы ТКШ және құрылыс бөлімдерінің бұрынғы басшылары бас бостандығынан айыру жазасына кесілді, деп хабарланды ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінде (қаржы полициясы) өткен брифингіде.
None
None

Қылмыстық істер қаралып, сот шешімдері шығарылды.

Бизнесменнен 150 мың теңге көлемінде пара алып, ойын алаңдарын жөндеуден өткізу бойынша орындалған жұмыстар актісіне қол қойған «Курчатов қаласы ТКШ» ММ бастығы А. Әбдікәрімов 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Мамырсу ауылында көшелерді жарықтандыру бойынша орындалған жұмыстардың жалған актісіне қол қойып, нәтижесінде «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша бөлінген 1, 6 млн. теңге заңсыз аударылған Аягөз ауданы ТКШ бастығы Е. Түсіпов бір жылға бас бостандығынан айырылды. Дәл осы ауданда сот сол бағдарлама шеңберінде ауданның 10 ауылының көшесін жарықтандыру бойынша орындалған жұмыстардың жалған актілеріне қол қойған Аягөз ауданы ТКШ бастығының м.а. Жоламановқа қатысты істі қарастырды. Алайда, осы жолы заңсыз аударылған қаражат сомасы 5 миллионнан астам теңгені құрады. Жоламанов шартты түрде екі жылға сотталды.

Ұлан ауданы Бозанбай ауылдық округының бұрынғы әкімі Р. Сапарғалиев шартты түрде бір жарым жылға бас бостандығынан айырылды. Ол орындалған жұмыстардың жалған актілеріне қол қойып, соның нәтижесінде «Ген» ЖШС есепшотына «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша бөлінген 2,7 млн. теңге аударылған.

Семей қаласы құрылыс бөлімінің бастығы Б.Жақаевқа қатысты іс сотқа жіберілді. Ол да орындалған жұмыстардың жалған актілеріне қол қойып, соның нәтижесінде «Зәулім Заңғар» ЖШС есепшотына еш негізсіз түрде 201 млн. теңге аударылған, деп атап өтті ШҚО бойынша қаржы полициясы бастығының бірінші орынбасары Руслан Күдешев.

Қазіргі уақытта Өскемен қаласы құрылыс бөлімінің лауазымдық тұлғаларының қызметтік уәкілеттіктерін теріс пайдаланғаны туралы қылмыстық іс өндірісі жүргізілуде. Тұрғын үй құрылысы бойынша «ОМКО» фирмасына 95,3 млн. теңге заңсыз аударылған.

Соңғы жаңалықтар