Президент БАӘ өкілі Омар Хабтур әл-Дареймен кездесті

АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысы БАӘ ислам және уақыптар істері жөніндегі бас басқармасының төрағасы Омар Хабтур әл-Дареймен кездесті

Президент БАӘ өкілі Омар Хабтур әл-Дареймен кездесті
Фото: Ақорда

Президент мейманға ілтипат танытып, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезіне қатысқаны үшін ризашылық білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Омар Хабтур әл-Дарей әлемдегі рухани ахуал мәселелері жөнінде пікір алмасып, дінаралық диалогты дамытудың маңызын атап өтті. Сондай-ақ түрлі конфессиялар арасында өзара түсіністік пен үйлесімді нығайтуға бағытталған бірлескен күш-жігердің өзектілігіне тоқталды.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Аллашүкір Пашазадені қабылдады.

Соңғы жаңалықтар