Президент Network School жобасының негізін қалаушысын II дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады

АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысы еліміздегі жасанды интеллект пен инновацияны дамытуға қосқан үлесі үшін Баладжи Шринивасанды II дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.

Президент Баладжи Шринивасанды II дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады
Фото: Ақорда

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Network School жобасының Қазақстандағы технологиялық экожүйенің қалыптасуына қосқан үлесін жоғары бағалап, ынтымақтастықты нығайтуға дайын екенін жеткізді.