Президент балаларға арналған IQostanay smart орталығын аралап көрді

ҚОСТАНАЙ. КAZINFORM — Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай қаласындағы балаларға арналған IQostanay smart орталығының қызметімен танысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Президент Қостанайға барды
Фото: Ақорда

Қазіргі уақытта мұнда екі мыңға жуық оқушы қосымша білім алады. Өскелең ұрпақтың игілігі үшін 24 үйірме жұмыс істейді.

Президент Қостанайға барды
Фото: Ақорда

Оқушылар сарайында жоғары технологиялық құралдармен жабдықталған киберспорт, инженерия, авиамодельдеу кабинеттері, жаңартылатын энергия көздері, химия және физика-техникалық зертханалары, сондай-ақ мәжіліс, оқу және хореография залдары бар.

Президент Қостанайға барды
Фото: Ақорда

Орталықтағы робот техникасы, инженерия және авиамодельдеу үйірмелеріне қатысатын балалар Президентке өз жобаларын таныстырып, виртуалды зертханада тәжірибе жасап көрсетті.

Президент Қостанайға барды
Фото: Ақорда
– Болашақта өз білім-біліктеріңізді іске асыруға мол мүмкіндік бар деп ойлаймын. Өйткені мұның бәрі қазіргі заманда, экономикада және басқа да салаларда сұранысқа ие. Біз уақыт талабына сай технологияны меңгерген ұлтқа айналуымыз қажет. Елімізге отандық технологияны дамытатын сіздер секілді азаматтар керек, – деді Мемлекет басшысы.
Президент Қостанайға барды
Фото: Ақорда
Президент Қостанайға барды
Фото: Ақорда
Президент Қостанайға барды
Фото: Ақорда

Оқушылар Қасым-Жомарт Тоқаевқа техникалық мамандықтарға арналған білім гранттарын көбейткені үшін рақмет айтты.