Президент банк және қаржы нарығын реттеу туралы екі заңға қол қойды

АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысы банк жүйесіне қатысты екі заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Бұған қоса Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, байланыс және банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Еске сала кетейік, Қазақстанда 56 мың азаматтың 209,7 млрд теңге берешегі кешірілгенін жаздық.

Соңғы жаңалықтар