20:51, 19 Ақпан 2026 | GMT +5
Президент Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысына қатысып жатыр
АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысына қатысып жатыр. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Жиын Вашингтондағы Дональд Трамп атындағы бейбітшілік институтында өтіп жатыр.

Айта кетелік Мемлекет басшысы Америка Құрама Штаттарына жұмыс сапарымен баратынын жазған едік.
Еске салсақ Вашингтонда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттарында тұратын және білім алып жүрген Қазақстан азаматтарымен кездесті.