Президент Бейжіңдегі Тяньаньмэнь алаңына барды

АСТАНА. KAZINFORM - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бейжіңдегі Тяньаньмэнь алаңына барды. Бұл туралы Ақорда хабарлады. 

Президент Бейжіңдегі Тяньаньмэнь алаңына барды
Фото: Ақорда

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Екінші дүниежүзілік соғыста және жапон басқыншылығына қарсы күресте жеткен Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған әскери парадты тамашалау үшін Тяньаньмэнь алаңына келді, - деп жазылған ақпаратта.

Сәлден соң Тяньаньмэнь алаңында әскери парад басталады. 

Президент Бейжіңдегі Тяньаньмэнь алаңына барды
Фото: Ақорда

Қытай тарапы жазғандай, бүгін таңертең Бейжіңдегі Тяньаньмэнь алаңында Қытай халқының жапон басқыншыларына қарсы соғыстағы Жеңісінің және Екінші дүниежүзілік соғыстағы фашизмге қарсы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты жиын басталды.

Зеңбірек салютінің үнімен қоса Құрмет қарауылының ту ұстаушы ротасы Мемлекеттік туды алаңдағы Халық қаһармандары ескерткішінен солтүстікке қарай ту тұғырына алып шықты.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қытайдағы Қазақстан мәдениет орталығының ашылу рәсіміне қатысты.

Соңғы жаңалықтар