22:42, 16 Наурыз 2025 | GMT +5
Президент боксшы Назым Қызайбайды тарихи жеңісімен құттықтады
АСТАНА. KAZINFORM - Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық боксшы Назым Қызайбайды тарихи жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

– Назым Қызайбайды отандық бокс тарихында тұңғыш рет үш дүркін Әлем чемпионы болуымен құттықтаймын. Бұл – айтулы жетістік!
Сербияда өтіп жатқан Әлем біріншілігінде үздік нәтиже көрсеткен Ұлттық құрама мүшелеріне алғыс айтамын. Спортшы қыздарымыздың алдағы уақытта да үлкен жеңістерге жете беруіне тілектестік білдіремін, – деп жазды Мемлекет басшысы Instagram әлеуметтік желісіндегі өзінің парақшасында.
Осыған дейін жазғанымыздай, Назым Қызайбай қазақстандық боксшылардан алғаш рет үш дүркін әлем чемпионы атанды.
Алуа Балқыбекова Қазақстан қоржынына екінші алтынды салды.