Президент Болгария басшысы Румен Радевті шығарып салды

АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысы  Болгария Президенті Румен Радевті елорда әуежайынан шығарып салды. Бұл туралы Ақорда мәлім етті. 

Президент  Болгария басшысы Румен Радевті шығарып салды
Фото: Ақорда

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада елімізге ресми сапармен келген Болгария Президенті Румен Радевті қарсы алған болатын.

Президент  Болгария басшысы Румен Радевті шығарып салды
Фото: Ақорда

Болгария мен Қазақстан арасында іскерлік кеңесі құрылады. Бұл туралы Ақордада елімізге ресми сапармен келген Болгария Президенті Румен Радевпен кеңейтілген құрамдағы келіссөз барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

Кеңейтілген құрамдағы келіссөз барысында Румен Радев Болгария Қазақстанды Орталық Азиядағы басты әрі негізгі серіктесі ретінде қарастыратынын айтты. 

Қазақстан Болгарияны стратегиялық маңызы бар серіктес ретінде қабылдайды.

Қазақстан мен Болгария президенттерінің кеңейтілген құрамдағы келіссөзінен кейін бірнеше құжатқа қойылды.

Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен келіссөздерден кейінгі бірлескен мәлімдеме барысында Болгария Президенті Румен Радев Қазақстанның ғарыш саласындағы жетістіктерін көріп таңғалғанын айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан – Болгария» бизнес-форумына белсене қатысқаны үшін Румен Радевке және болгар кәсіпкерлеріне алғыс айтты.

Президент  Болгария басшысы Румен Радевті шығарып салды
Фото: Ақорда
Президент  Болгария басшысы Румен Радевті шығарып салды
Фото: Ақорда
Президент  Болгария басшысы Румен Радевті шығарып салды
Фото: Ақорда
Соңғы жаңалықтар