10:01, 01 Наурыз 2026 | GMT +5
Президент Босния және Герцеговинаның Төралқа Төрағасын құттықтады
АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысы Босния және Герцеговинаның Төралқа Төрағасын құттықтады. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.
— Қасым-Жомарт Тоқаев Желько Комшичке Босния және Герцеговинаның Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады. Президент Астана мен Сараевоның дәстүрлі достық пен өзара қолдауға негізделген ынтымақтастығы қос халықтың игілігі жолында нығая беретініне сенім білдірді, — делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев араб елдерінің басшыларына қолдау білдірген еді. Қазақстан бауырлас араб елдеріне кез келген көмекті көрсетуге дайын екенін айтып, олардың жоғарғы басшыларымен тұрақты жұмыс байланыстарын жалғастыруға үміт білдірді.