Президент ауыл шаруашылығы саласының бірқатар мамандарын марапаттады

АСТАНА. KAZINFORM – Президент Жарлығымен Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні қарсаңында елдің агроөнеркәсіп кешеніндегі жемісті еңбегі, отандық ауыл шаруашылық инфрақұрылымның дамуына қосқан үлесі үшін бір топ сала өкілдеріне мемлекеттік наградалар табысталды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті. 

Президент ауыл шаруашылығы саласы мамандарын марапаттады
Фото: Ақорда

Атап айтқанда, «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы мен «Отан» ордені «Зенченко және К» серіктестігінің бас директоры Геннадий Геннадьевич Зенченкоға берілді.

Президент ауыл шаруашылығы саласы мамандарын марапаттады
Фото: Ақорда

Сонымен қатар ауыл шаруашылығы саласының бір топ еңбеккері ІІ және ІІІ дәрежелі «Барыс», «Парасат», «Құрмет», III дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордендерімен және «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Президент ауыл шаруашылығы саласы мамандарын марапаттады
Фото: Ақорда
Президент ауыл шаруашылығы саласы мамандарын марапаттады
Фото: Ақорда
Президент ауыл шаруашылығы саласы мамандарын марапаттады
Фото: Ақорда
Президент ауыл шаруашылығы саласы мамандарын марапаттады
Фото: Ақорда

Еске сала кетейік, бүгін Астанада мемлекет басшысының қатысуымен ауыл шаруашылығы саласы қызметкерлерінің форумы өткенін жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар