Президент бірқатар мемлекеттің елшісінен сенім грамоталарын қабылдады

АСТАНА. KAZINFORM —  «Ақорда» резиденциясында жеті мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілерінің Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын табыстау рәсімі өтті.

Президент бірқатар мемлекеттің елшісінен сенім грамоталарын қабылдады
Фото: Ақорда

Сенім грамоталарын

Беларусь Республикасының елшісі Алексей Богданов,

 Таиланд Корольдігінің елшісі Пияпин Нийомреркс,

Молдова Республикасының елшісі Штефан Горда,

Мьянма Одағы Республикасының елшісі Тит Линн Оун,

Кения Республикасының елшісі Питер Мутуку Матуки,

Албания Республикасының елшісі Блерта Кадзадеш,

Италия Республикасының елшісі Антонелло де Риу тапсырды.

Президент бірқатар мемлекеттің елшісінен сенім грамоталарын қабылдады
Фото: Ақорда
Президент бірқатар мемлекеттің елшісінен сенім грамоталарын қабылдады
Фото: Ақорда
Президент бірқатар мемлекеттің елшісінен сенім грамоталарын қабылдады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы дипломаттарды Қазақстандағы миссияларының басталуымен құттықтап, еліміздің өзара мүддеге негізделген ынтымақтастықты дамытуға жан-жақты қолдау көрсететінін жеткізді.

Президент бірқатар мемлекеттің елшісінен сенім грамоталарын қабылдады
Фото: Ақорда
Президент бірқатар мемлекеттің елшісінен сенім грамоталарын қабылдады
Фото: Ақорда
Президент бірқатар мемлекеттің елшісінен сенім грамоталарын қабылдады
Фото: Ақорда
Президент бірқатар мемлекеттің елшісінен сенім грамоталарын қабылдады
Фото: Ақорда
Президент бірқатар мемлекеттің елшісінен сенім грамоталарын қабылдады
Фото: Ақорда
Президент бірқатар мемлекеттің елшісінен сенім грамоталарын қабылдады
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның бейбіт әрі көпвекторлы сыртқы саясат ұстанатынын айтты. Президенттің айтуынша, халықаралық қатынастарда диалог пен ықпалдастық қағидаттары басшылыққа алынуға тиіс және БҰҰ Жарғысын қатаң сақтау айрықша маңызды.

Айта кетелік жақында  Нұрлан Жалғасбаев Польша Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалған еді

 

 

 

Соңғы жаңалықтар