Президент бірқатар спортшы мен бапкерді мемлекеттік наградалармен марапаттады

АСТАНА. KAZINFORM — Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Хорватияның Загреб қаласында өткен күрес түрлері бойынша Әлем чемпионатындағы жоғары жетістіктері үшін спортшылар мен бапкерлерді мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды.

Президент бірқатар спортшылар мен бапкерлерді мемлекеттік наградалармен марапаттады
Фото: Ақорда

«Құрмет» орденімен:

1. Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының нұсқаушы-спортшысы Айдос Сұлтанғали;

2. Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының нұсқаушы-спортшысы Нұрқожа Қайпанов;

3. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеті – Орталық спорт клубының жаттықтырушы-оқытушысы Камал Гаджимагомедов марапатталды.

«Ерен еңбегі үшін» медалі:

1. Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Спортты дамыту дирекциясының нұсқаушы-спортшысы Асылжан Есенгелдіге;

2. Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Алматы қаласының «Шаңырақ» шағын ауданындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің жаттықтырушысы Еркебұлан Кешубаевқа берілді.

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Алғысы:

Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Спортты дамыту дирекциясының жаттықтырушысы Юрий Мельниченкоға жарияланды. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Ливерпуль қаласында өткен ерлер мен әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионатындағы (World Boxing) спорттық жоғары жетістіктері үшін бір топ спортшы мен бапкерді марапаттаған еді. 

 

Соңғы жаңалықтар