Президент бірқатар судьяны тағайындап, бірқатарын қызметінен босатты
АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 10 қарашада «Қазақстан Республикасы соттарының төрағалары, алқалар төрағасы және судьяларын лауазымға тағайындау және лауазымнан босату туралы» жарлыққа қол қойды.
Төраға лауазымына тағайындалды:
Алматы қаласы бойынша:
Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына — Раисов Тимур Төлегенұлы;
Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа — Нұрбеков Айбар Баймаханұлы.
Ақмола облысы бойынша:
Сандықтау аудандық сотына — Садырмекова Арайлым Тәліпбекқызы;
Степногор қалалық сотына, осы облыстың Бурабай аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып – Қалиасқарова Салтанат Жақыпқызы.
Ақтөбе облысы бойынша:
Ақтөбе қаласының № 2 сотына — Ізбағамбетова Сандуғаш Жақиянқызы;
Әйтеке би аудандық сотына, осы облыстың Темір аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып — Бертанов Талғатбек Батырбайұлы.
Атырау облысы бойынша:
Мақат аудандық сотына — Орыспаев Құрмет Орыспайұлы.
Батыс Қазақстан облысы бойынша:
Ақжайық ауданының № 2 аудандық сотына, осы облыстың Сырым аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып — Ғұмарова Тамара Сәлімжанқызы;
Бөкей ордасы аудандық сотына, осы облыстың мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып — Шыңғалиев Марат Энгельсұлы;
Орал қаласының № 2 сотына — Сұханова Гүлдану Ибрайқызы.
Қостанай облысы бойынша:
Әулиекөл аудандық сотына — Оспанова Балжан Қайыргелдинқызы;
Қамысты аудандық сотына, Солтүстік Қазақстан облысының Ғабит Мүсірепов аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып — Ертаева Ғалия Қайырқанқызы;
Қостанай қалалық сотына — Сәдуақасов Жұмабек Майхибинұлы.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша:
Шал ақын ауданының мамандандырылған ауданаралық сотына, Петропавл қаласының № 2 сотының судьясы қызметінен босатыла отырып — Омаров Рүстем Қошқарұлы.
Түркістан облысы бойынша:
Ордабасы аудандық сотына, Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып — Сатыбалдиева Айжан Құлманқызы.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша:
Өскемен қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына — Жүнісова Жанат Ниетқабылқызы;
Өскемен қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына, осы облыстың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып — Жақсыбекова Нұргүл Айтбекқызы.
Судья лауазымына тағайындалғандар:
Астана қаласы бойынша:
Азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотына — Дулат Қайдарұлы Бурабаев, Қарағанды облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;
Азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотына — Назгүл Ерқанатқызы Ибраева, Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;
Азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотына — Арайлым Қадылбекқызы Қалиева, Қарағанды облысының Балқаш қалалық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;
Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотына — Ақмарал Хакимқызы Әлиева, Ақтөбе облысының № 2 сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;
Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотына — Данияр Төлендіұлы Жүнісов, Қостанай облысының Қамысты аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;
Мамандандырылған ауданаралық тергеу сотына — Әсел Ерланқызы Қиянбекова, Ұлытау облысының Жезқазған қаласының мамандандырылған тергеу сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;
Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына — Асламбек Киікбайұлы Көшенов, Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;
Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына — Айда Сапарбек, Түркістан облысы Түркістан қаласының ауданаралық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып.
Алматы қаласы бойынша:
Бостандық аудандық сотына — Мират Қайратұлы, Алматы облысының Қарасай аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;
Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына — Ардақ Бауржанқызы Ахметова, Алматы облысының Қарасай аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;
Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына — Рамшит Нұрғабилұлы Әбдіқаниев;
Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына — Дария Оразәліқызы Жолболдиева, Жамбыл облысының Мойынқұм аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;
Медеу аудандық сотына — Қанат Амангелдіұлы Әметқұлов.
Абай облысы бойынша:
Бородулиха аудандық сотына — Нұрсұлтан Николаевич Амарханов;
Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына — Меруерт Сәкенқызы Тұрысбекова.
Ақмола облысы бойынша:
Көкшетау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотына — Әмір Хафизұлы Жәшібеков;
Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына — Камила Қадыржанқызы Дүйсенова.
Ақтөбе облысы бойынша:
Ақтөбе қалалық сотына — Динара Абзалқызы, Алина Ерболқызы Ізбасова;
Ақтөбе қаласының № 2 сотына — Жаслан Мұратұлы Қайболдин, Нұршат Жеделбайқызы Қалиева;
Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотына — Индира Асылханқызы Исмаилова, осы облыстың Қобда аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып.
Алматы облысы бойынша:
Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотына — Эльмира Сансызбайқызы Садыхова;
Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына — Азат Асқарұлы Рамазанов, осы облыстың Қарасай мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;
Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына — Диас Манатұлы Ғалымов.
Батыс Қазақстан облысы бойынша:
Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына — Саяхат Ануарқызы Тәкеева;
Орал қаласының № 2 сотына — Данияр Рамазанұлы Рамазанов.
Жамбыл облысы бойынша:
Қордай аудандық сотына — Кеніш Ілесұлы Ысқақов;
Тараз қалалық сотына — Инара Базылбекқызы Әлімқұлова;
Тұрар Рысқұлов ауданының сотына — Қали Әуелбекұлы Қамбарбек.
Жетісу облысы бойынша:
Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына — Азат Нұрболұлы.
Қарағанды облысы бойынша:
Қарағанды қаласының Әлихан Бөкейхан ауданының № 2 сотына — Анар Саматқызы Хасенова, осы облыстың Нұра аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып.
Қостанай облысы бойынша:
Әулиекөл аудандық сотына — Елена Анатольевна Симиютина.
Қызылорда облысы бойынша:
Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотына — Айгүл Әуелбекқызы Аблаева;
Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына — Олжас Исаұлы Әбдуқаликов, осы облыстың Қызылорда қалалық әкімшілік сотының судьясы қызметінен босатыла отырып.
Маңғыстау облысы бойынша:
Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына — Мәншүк Мұхамедқызы Жұмаева, осы облыстың Қарақия аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;
Мұнайлы аудандық сотына — Ерсін Айтбайұлы Қазиев.
Павлодар облысы бойынша:
Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына — Әлия Шорманқызы Сейілғазинова, осы облыстың Екібастұз қалалық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;
Павлодар қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотына — Лаура Ильдусовна Кочерга.
Түркістан облысы бойынша:
Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына — Есбол Жүнісәлиұлы Әбдіраманов, осы облыстың Кентау қалалық сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып;
Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына — Берік Полатбекұлы Құрамысов, осы облыстың Кентау қалалық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;
Сайрам аудандық сотына — Асхат Өмарқұлбекұлы Бегалиев.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша:
Күршім аудандық сотына — Думан Сарсенбекұлы Мизимбаев;
Өскемен қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотына — Әсел Еділқызы Тәкенова-Шәкіртова;
Риддер қалалық сотына — Эльвира Құмарбекқызы Жансұлтанова;
Тарбағатай аудандық сотына — Тәтімбеков Данияр Төлегенұлы.
Қызметінен босатылғандар:
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ибраев Алмас Серікұлы — отставкаға шығуына байланысты;
Алматы қалалық сотының судьялары Исабаева Ақмарал Ахмеджанқызы, Молдашев Қанат Чадиұлы, Мырзакәрім Рүстем Мырзакәрімұлы — отставкаға шығуына байланысты;
Атырау облыстық сотының судьясы Нұржанова Бағила Баймұратқызы — отставкаға шығуына байланысты;
Қарағанды облыстық сотының судьялары Нұрбек Абдыманапұлы Аманжолов және Бақытжан Қошқарбайұлы Маймақов — отставкаға шығуына байланысты;
Павлодар облыстық сотының судьясы Нұрлан Саматұлы Ибраев — отставкаға шығуына байланысты;
Астана қаласы бойынша азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соттың судьясы Сәулет Майданқызы Ысқақбекова — отставкаға шығуына байланысты;
Алматы қаласы бойынша Түрксіб аудандық сотының судьясы Айсара Сәтқызы Жілкібаева — зейнеткерлік жасқа толуына байланысты;
Шымкент қаласы бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың төрағасы Ғалым Қалижанұлы Қалдаров — Судьялық жюридің шешіміне сәйкес, тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін;
Сол қаладағы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соттың судьясы Мақсат Ғанибекұлы Мыстаев — отставкаға шығуына байланысты;
Алматы облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың төрағасы Берік Әкішханұлы Қожахметов — өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты лауазымынан босатылып, осы соттың судьясы болып қалдырылды;
Ақмола облысы бойынша Жарқайың аудандық сотының судьясы Гүлмира Маратқызы Сағынова және Көкшетау қалалық сотының судьясы Сержан Ақылбайұлы Қожамұратов — өз еркімен;
Жамбыл облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың судьясы Рүкия Қартқұлқызы Ясарова — зейнеткерлік жасқа толуына байланысты;
Жетісу облысы бойынша Ақсу аудандық сотының төрағасы Нұрлан Садықұлы Шаймерденов — соттың айыптау үкімі заңды күшіне енгеніне байланысты;
Қостанай облысы бойынша межрайондық соттың судьясы Жұмаш Рамазанұлы Жарасбаев — өз еркімен;
Маңғыстау облысы бойынша Ақтау қалалық сотының төрағасы Бауыржан Жауымбайұлы Шайдуллин — соттың айыптау үкімі заңды күшіне енгеніне байланысты;
Түркістан облысы бойынша Қазығұрт аудандық сотының судьясы Нұржан Амзебайұлы Жұмабаев — отставкаға шығуына байланысты;
Шығыс Қазақстан облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың судьясы Сәлік Қанатұлы Оразбаев — басқа жұмысқа ауысуына байланысты.
Президенттің жарлығы биыл 10 қарашадан бастап күшіне енді.
Бұған дейін Бас прокуратура мас күйде көлік басқарған судьяны жауапқа тарту туралы Президентке ұсыным жолдаған еді.
Сонымен қатар Қазақстанда апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар жайлы жазғанбыз.