Президент Біріккен Араб Әмірліктерінің Энергетика және инфрақұрылым министрін қабылдады

АСТАНА. KAZINFORM — Астана халықаралық форумының алаңында Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Энергетика және инфрақұрылым министрі Сухейл әл-Мазуримен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Президент Біріккен Араб Әмірліктерінің Энергетика және инфрақұрылым министрін қабылдады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Абу Дабидің Тақ мұрагері Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен Астанадағы кездесуін ықыласпен еске алды. Оның аясында нәтижелі келіссөздер жүргізіліп, жалпы құны 5 миллиард долларды құрайтын 20-дан астам коммерциялық келісімге қол қойылды. 

Ақорда
Фото: Ақорда

Сухейл әл-Мазури Астана халықаралық форумының жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтіп, қонақжайлық танытқаны үшін Қазақстан тарапына алғыс айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сухейл әл-Мазури жоғары деңгейде жасалған уағдаластықтарды жүзеге асырудың нақты жолдарын, соның ішінде екіжақты тауар айналымын 1 миллиард долларға дейін ұлғайту бастамасын талқылады. Министрдің айтуынша, Әмірліктер Абу Даби Тақ мұрагерінің Қазақстанға сапары кезінде қол қойылған келісімдерді орындауға белсене кірісіп кеткен.

қабылдау
Фото: Ақорда

Кездесу барысында энергетика, ауыл шаруашылығы және көлік салаларындағы ықпалдастықтың өзекті мәселелері қарастырылды. 

Соңғы жаңалықтар