09:02, 02 Тамыз 2025 | GMT +5
Президент Біріккен Ұлттар Ұйымының үшінші конференциясына қатысады
АСТАНА. KAZINFORM — Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанның Аваза қаласында өтетін Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының үшінші конференциясына қатысады. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.

— 5 тамыз күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанның Аваза қаласында өтетін Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының үшінші конференциясына қатысады, — делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін 3 тамыз күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш Қазақстан Республикасына сапармен келетінін жазған едік.