Президент мемлекеттік наградалар, білім беру және баланың құқықтарын қорғау туралы Заңға қол қойды

АСТАНА. KAZINFORM –  Мемлекет басшысы мемлекеттік наградалар, білім беру және баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.

Президент бірнеше Заңға қол қойды
Коллаж: Kazinform/ Freepik

— Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік наградалар, білім беру және баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, — делінген хабарламада.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік наградалар, білім беру және баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы екі оқылымда қаралып, мақұлданғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар