Президент БҰҰ Бас Ассамблеясының 66-сесcиясына қатысады

ТАНА. 19 қыркүйек. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қыркүйектің 20-22-сі күндері АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өтетін БҰҰ Бас Ассамблеясының 66-сесcиясына қатысады. Бұл туралы бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Асқар Әбдірахманов мәлім етті.
None
None

Сессия отырысында Таяу Шығыс және Солтүстік Африкадағы ахуал, сондай-ақ Израиль-Палестина шиеленісі басты тақырып ретінде қаралады. Бұдан басқа, ядролық қару-жарақты таратпау, денсаулық сақтау, экология, дінаралық келісім және тағы басқа өзекті мәселелер талқыға түсетін болады. Сапар аясында Н.Назарбаев бірқатар екі жақты кездесулер өткізеді деп жоспарланып отыр.

«БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун Қазақстанның ядролық қарусыздандыру үдерісіне қосқан үлесін ескере отырып, осы мәселеге арналған жоғары деңгейдегі кездесуге Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты арнайы шақырған болатын. Оған АҚШ, Ресей, Франция, Жапония, Бразилия, Украина және Корея елдері қатысады», - деп атап көрсетті А.Әбдірахманов.

Соңғы жаңалықтар