08:34, 12 Наурыз 2025 | GMT +5
Президент Дариға Тілендиеваның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты
АСТАНА. KAZINFORM — Кеше Нұрғиса Тілендиевтің жары, белгілі мәдениет қайраткері Дариға Тілендиеваның дүниеден өткені белгілі болды.

— Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әйгілі композитор, «Отырар сазы» ұлт аспаптары академиялық оркестрінің негізін қалаушы Нұрғиса Тілендиевтің жары, белгілі мәдениет қайраткері Дариға Тілендиеваның дүниеден өтуіне байланысты туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтты, — делінген Ақорданың баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Еске салсақ, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі, актриса, композитор Дариға Тілендиева 79 жасқа қараған шағында көз жұмды.
Осыған дейін Мемлекет басшысы Әзербайжанның Сыртқы істер министрін қабылдағанын жазған едік.