13:28, 07 Желтоқсан 2024 | GMT +5
Президент Доха форумының ашылу салтанатына мәртебелі мейман ретінде қатысты
АСТАНА. KAZINFORM – 2003 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан халықаралық жиын биыл «Диалог, дипломатия және алуантүрлілік» (Diplomacy, Dialogue and Diversity) тақырыбына арналды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Қатар астанасындағы айтулы іс-шарада геосаясат, экономикалық даму, жаңа технологиялар, жасанды интеллект, энергетика және азық-түлік қауіпсіздігі секілді өзекті мәселелер талқыланып, түйткілдерді шешуге бағытталған ұсыныс-пікірлер мен идеялар айтылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Доха форумының ресми ашылу салтанатына барғанын жазған болатынбыз.


