12:13, 07 Желтоқсан 2024 | GMT +5
Қасым-Жомарт Тоқаев Доха форумының ресми ашылу салтанатына барды
АСТАНА. KAZINFORM – Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Мемлекетіне жұмыс сапарымен барған болатын.

Ақорданың хабарлауынша, Мемлекет басшысы Doha Forum конференциясының панельдік сессиясына қатысады.

Бұған дейін Президент Power International Holding компаниясының иелері Муатаз Әл-Хаят пен Рамез Әл-Хаятты қабылдады. Әңгімелесу барысында елімізде энергетика, телекоммуникация салаларындағы ірі инвестициялық жобаларды іске асыру барысы қарастырылды.
Мемлекет басшысы Nebras Power компаниясы директорлар кеңесінің төрағасын қабылдады.