Мемлекет басшысы Nebras Power компаниясы директорлар кеңесінің төрағасын қабылдады

ДОХА. KAZINFORM —  Президент Nebras Power компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Мұхаммед Нассер Әл-Хаджриді қабылдады, деп хабарлайды Ақорда. 

Мемлекет басшысы Nebras Power компаниясы директорлар кеңесінің төрағасын қабылдады
Фото: Ақорда

Кездесуде жаңартылатын энергия көздері саласындағы инвестициялық ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды.

Мемлекет басшысы Nebras Power компаниясы директорлар кеңесінің төрағасын қабылдады
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев таяуда Nebras Power компаниясы мен «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының арасында Семей ГЭС-інің құрылысына қатысты келісімге қол қойылғанын құптады. Станцияның қуаттылығы 300 мегаватт болады. Президент бұл жобаның Астана мен Доханың ұзақмерзімді стратегиялық серіктестігін нығайтудағы рөлін жоғары бағалады. Аталған бастаманы табысты жүзеге асыру үшін Қазақстан Үкіметінің жан-жақты қолдау көрсететінін растады.

Мемлекет басшысының айтуынша, еліміз 2030 жылға қарай энергия балансындағы жаңартылатын қуат көздерінің үлесін 15 пайызға дейін арттыруға ниетті.

Мемлекет басшысы Nebras Power компаниясы директорлар кеңесінің төрағасын қабылдады
Фото: Ақорда

Мұхаммед Нассер Әл-Хаджри Қасым-Жомарт Тоқаевқа бірлескен жобаны іске асырудың негізгі кезеңдері жөнінде мәлімет беріп, «жасыл» энергетика саласындағы Қазақстанның әлеуеті зор екенін айтты.

Айта кетсек, Қатар астанасы Доха қаласында 7,8 желтоқсан күндері жаһандық сын-қатерлерді талқылап, түрлі саладағы инновациялық шешімдерді іздеуге арналған халықаралық форум (Doha Forum) өтеді. Kazinform агенттігі аталған іс-шараның маңызы туралы шолу ұсынады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қатар компаниясы Қашаған газын өңдейтін зауыттың 75 пайыз акциясын сатып алады.

Бүгін мемлекет басшысы Қатарға жұмыс сапарымен барды.

Президент Power International Holding компаниясының иелері Муатаз Әл-Хаят пен Рамез Әл-Хаятты қабылдады.

 

 

Соңғы жаңалықтар