Президент ЕАЭО-ға кіретін көліктерге қойылатын талаптарға қатысты құжатқа қол қойды

АСТАНА. KAZINFORM - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еуразиялық көлік дәліздеріне кіретін автомобиль жолдарымен жүрген кезде көлік құралдарының рұқсат етілетін массалары, осьтік жүктемесі және габариттері туралы келісімді бекіту жөніндегі Жарлыққа қол қойды.

.

Глава государства подписал указ о допустимых массах и габаритах транспорта в странах ЕАЭС
Фото: Ақорда

Ақорданың баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге қарағанда, аталған келісім 2024 жылы 13 желтоқсанда Мәскеу қаласында қабылданған болатын. Құжат Одаққа мүше мемлекеттер аумағында көлік құралдарының техникалық параметрлеріне қойылатын талаптарды біріздендіруге бағытталған. 

Оны іске асыру халықаралық автотасымалдаушылар үшін тең әрі ашық жағдай қалыптастырады.

Келісімнің негізгі мақсаттары:

– ЕАЭО-ның транзиттік әлеуетін тиімді пайдалану;

– Еуразиялық көлік дәліздері бойынша халықаралық автомобиль тасымалының тиімділігін арттыру;

– Автомобиль инфрақұрылымының сақталуын қамтамасыз ету;

– Жол қозғалысы қауіпсіздігін күшейту;

– Көлік қызметтерінің сапасын арттыру.

Жарлық транзиттік тасымалдарды дамытуға құқықтық негіз қалыптастырып, Қазақстанның өңірдегі маңызды көлік-логистикалық хаб ретіндегі позициясын нығайтады.

Осыған дейін Президент Үкімет пен ОРЕС Халықаралық даму қоры арасындағы жеке сектордағы операцияларды ұйымдастыру туралы негіздемелік келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойған болатын.

 

Соңғы жаңалықтар
Референдум