Президент елдегі су тасқынына байланысты үндеу жариялайды

АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бірқатар облысындағы су тасқыны салдарынан қалыптасқан күрделі жағдайға байланысты Қазақстан халқына үндеу жариялайтыны туралы ҚР Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасы арқылы мәлім етті.  

Токаев
Фото: Ақорда

Президент үндеуі барлық республикалық арналардан бүгін сағат 13:00-де көрсетіледі.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бірқатар өңірінде болған су тасқыны салдарынан туындаған төтенше жағдайға байланысты шұғыл кеңес өткізді.

Мемлекет басшысы жағдайды қалыпқа келтіру үшін шұғыл шаралар қабылдаумен қатар, жүйелі жұмыс қажет екенін атап өтті.

Сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Су тасқынына қарсы шараларды үйлестіру және қарғын су жүру кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикалық штабтың отырысы өтті.

4 сәуір күні Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына барды.

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысының әкімі Серік Шапкеновке қоңырау шалып, облыстағы бірде-бір отбасы мемлекеттің назарынан тыс қалмайтынын айтып, оларға сәлем жолдап, барынша қолдау көрсетілетінін айтты.