09:29, 01 Маусым 2021 | GMT +6
Президент: Еліміздегі жас буынның балалық шағы бақытты өтуіне жағдай жасау – стратегиялық міндет
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында бүгінгі халықаралық балаларды қорғау күнінің маңызын атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні. Еліміздің жас буын өкілдерінің балалық шағы бақытты өтіп, дені сау, жан-жақты азамат болып өсуіне жағдай жасау – стратегиялық маңызы бар міндет. Бұл – Қазақстанның жарқын болашағының кепілі» деп жазды Мемлекет басшысы Twitter парақшасында.