Президент Армения Премьер-министрі Никол Пашинянмен телефон арқылы сөйлеседі

АСТАНА. KAZINFORM - Ертең, 11 тамызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Армения Премьер-министрі Никол Пашинянмен телефон арқылы сөйлеседі.

Ақорда
Фото: Ақорда

Бұл туралы Қазақстан Президентінің кеңесшісі — баспасөз хатшысы Руслан Желдібай өзінің Telegram парақшасында жазды.

Айта кетейік, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті АҚШ Президенті Дональд Трамптың белсенді әрі тиімді атсалысуымен Вашингтонда Әзербайжан мен Армения арасындағы қақтығысты бейбіт жолмен реттеу туралы тарихи декларацияға қол қойылуымен құттықтады.

Осыған дейін Армения мен Әзербайжанның бейбіт реттеу туралы бірлескен декларацияға қол қойғаны туралы жаздық. 

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл оқиғаны тарихи жетістік деп бағалады.

 

 

Соңғы жаңалықтар