Президент Франк-Вальтер Штайнмайерді Германия бірлігі күнінің 35 жылдығымен құттықтады

АСТАНА. KAZINFORM — Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Федеративтік Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.

Президент Франк-Вальтер Штайнмайерді Германия бірлігі күнінің 35 жылдығымен құттықтады
Фото: Ақорда

— Мемлекет басшысы Президент Франк-Вальтер Штайнмайерді Германия бірлігі күнінің 35 жылдығымен құттықтады. Президент бүгінде Германия әлемдік аренада беделді әрі ықпалды мемлекет саналатынын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты ынтымақтастықтың даму қарқынын жоғары бағалап, Қазақстан мен Германия арасындағы стратегиялық серіктестіктің одан әрі нығая беретініне сенім білдірді, — делінген хабарламада.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Корея Президентіне құттықтау жеделхатын жолдаған болатын.

 

 

Соңғы жаңалықтар