Президент Габаладағы Конгресс-орталыққа барды

АСТАНА. KAZINFORM - Президент Түркі мемлекеттері ұйымының ХІІ саммитіне қатысу үшін Габаладағы Конгресс-орталыққа барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

президент
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаевты Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев қарсы алды.

Президент Түркі мемлекеттері ұйымының ХІІ саммитіне қатысушылармен бірге суретке түсті.

Президент Түркі мемлекеттері ұйымының ХІІ саммитіне қатысушылармен бірге суретке түсті
Фото: Ақорда

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Ильхам Әлиевтің шақыруымен 6-7 қазан күндері Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшылары кеңесінің ХІІ саммитіне қатысу үшін Әзербайжанға сапармен баратынын жазған едік.

Түркі мемлекеттері ұйымының XII саммитінде мемлекет басшылары саяси ұсынысын айтып, түркі мемлекеттерінің ортақ мәселелерін талқыламақ.  

Кейінірек, Мемлекет басшысының Әзербайжанның Габала қаласына барғанын хабарладық.

 

 

 

Соңғы жаңалықтар