Президент Ынтымақ ауылындағы №30 орта мектепті аралап көрді

АСТАНА. KAZINFORM - Қасым-Жомарт Тоқаев Талдықорған қаласының іргесіндегі Ынтымақ ауылында биыл пайдалануға берілген №30 мектепті аралап көрді.

Ынтымақ ауылындағы №30 орта мектеп
Фото: Ақорда

1200 оқушыға есептелген білім ошағының құрылысы жергілікті бюджеттің және Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының есебінен қаржыландырылған.

Президент побеседовал с учениками средней школы в селе Ынтымак
Фото: Ақорда

Заманауи үлгіде жабдықталған мектепте 77 оқу кабинеті, мультимедиа сыныптары, спорт, гимнастика, мәжіліс пен кітапхана залдары, ағаш, металл және тігін шеберханалары бар.

Президент жаңа оқу ордасын аралап көріп, оқушылармен әңгімелесті. Мемлекет басшысы мектепке автобус сыйға тартты.

Тоқаев
Фото: Ақорда

Жалпы, биыл Жетісу облысында 3 жаңа мектеп ашылған. Оның ішінде екеуі «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынды. Атап айтқанда, Панфилов ауданының Жаркент қаласында 1200 орындық, Көксу ауданының Қаратал ауылында шағын жинақты мектеп пайдалануға берілді. Қазіргі кезде облыс бойынша 5 білім ошағының құрылысы жүргізіліп жатыр.

Президент побеседовал с учениками средней школы в селе Ынтымак
Фото: Ақорда

Жетісу облысында биылғы он айда өнеркәсіп өндірісі 3,9 пайызға өскені туралы жаздық.

подарил автобус
Фото: Ақорда
Тоқаев
Фото: Ақорда

 

 

Соңғы жаңалықтар