21:00, 18 Ақпан 2025 | GMT +5
Президент Иордан Хашимит Корольдігіне ресми сапармен барды
АСТАНА. KAZINFORM - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иордан Хашимит Корольдігіне ресми сапармен барды.

Әлия патшайым атындағы халықаралық әуежайда Мемлекет басшысын ханзада Әли бен әл-Хусейн мен Иордания Премьер-министрі Жафар Хасан қарсы алды.

Сапар аясында Король II Абдалламен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізіліп, бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылады.


Еске салсақ Астана мен Амманның өзара қарым-қатынасы жайында жазған болатынбыз.
Қазақстан мен Иорданияны мығым стратегиялық серіктестіктік біріктіреді. 2023 жылы дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдық мерейтойы аталып өткен еді.
Сондай-ақ бүгін Мемлекет басшысы Ұлытау облысында кеншілердің қаза табуына байланысты көңіл айтқан еді.