Президент Италияның жоғары оқу орындарын Қазақстанда филиалын ашуға шақырды

АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Италияның жоғары оқу орындарын елімізде филиалдарын ашуды ұсынды. 

Италия премьері
Фото: Ақорда

– Біздің стратегиялық серіктестігіміздің маңызды элементтерінің бірі – Еуропадағы білім беру саласындағы ынтымақтастық. Қазір шамамен 4 мыңға жуық қазақстандық студент Италияда білім алып жатыр. Біздің студенттерге үздік университеттерде білім алуға мүмкіндік беретін гранттар мен шәкіртақылар ұсынғаны үшін Италия үкіметіне алғыс айтамын. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, итальяндық техникалық жоғары оқу орындарын Қазақстанда өз филиалдарын ашуға шақырғым келеді. Біз әсіресе жасанды интеллект инженерлерін даярлауға ерекше назар аударып отырмыз, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев елордада өтіп жатқан «Орталық Азия – Италия» бірінші саммитінде.

Президенттің мәлімдеуінше, технопарктер мен жасанды интеллект технологияларын дамытуға басымдық беріледі. 

– Бұған дәлел ретінде елімізде Итальян мәдениеті институтының филиалының ашылуын айтуға болады. Қазір елімізде жасанды интеллект саласы бойынша мамандарды даярлау бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр, - дейді Қ. Тоқаев.

Айта кетейік, елордада «Орталық Азия – Италия» бірінші саммиті өтіп жатыр. Оған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Италия Министрлер Кеңесінің төрағасы Джорджа Мелони, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев, Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон қатысып жатыр.

Соңғы жаңалықтар