Президент Қатар Әміріне құттықтау жеделхатын жолдады

АСТАНА. KAZINFORM – Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниді және оның отандастарын Қатар Мемлекетінің ұлттық мерекесімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Президент Қатар Әміріне құттықтау жеделхатын жолдады
Фото: Ақорда

Президент жеделхатында Қазақстан Қатарды араб әлеміндегі сенімді әрі басты серіктесі ретінде қарастыратынын жеткізіп, сындарлы және мазмұнды қарым-қатынастың жоғары қарқынмен нығайып келе жатқанын атап өткен. Сондай-ақ екіжақты байланыстың ілгерілеуіне Қатар Әмірінің қосқан үлесін ерекше бағалайтынын мәлімдеген.

Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнидің жауапты қызметіне толағай табыс, ал Қатар халқына құт-береке тіледі.

Айта кетелік Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпқой сумошы Ерсін Балтағұлмен кездесті

 

Соңғы жаңалықтар