Президент Дохада Израиль билігі жасаған әскери акцияны айыптайды

АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар астанасы Дохада Израиль билігі жасаған әскери акцияны айыптайды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қасым-Жомарт Тоқаев
Фото: Ақорда

— Қандай мақсатты көздесе де, мұндай әрекетке жол беруге болмайды. Бұл Қатар мемлекетінің егемендік құқығын бұзады және халықаралық құқық қағидаттарына қайшы келеді, — делінген хабарламада.

Осыған дейін Мемлекет басшысы былтыр Анкара қаласының маңындағы TUSAŞ аэроғарыш корпорациясының ғимаратына жасалған лаңкестік шабуыл салдарынан бірнеше адамның қаза табуына байланысты Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанға көңіл айтқанын жазған едік. Президент Қазақстан бейбіт тұрғындарға қарсы қастандық әрекетті қатаң айыптайтынын жеткізді.

 

Соңғы жаңалықтар