Президент Қатар Әмірімен Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады

АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен әңгімелесу барысында Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.

Президент Қатар Мемлекетінің Әмірімен телефон арқылы сөйлесті
Фото: Ақорда

Президент аймақта қақтығыстың өршіп кеткеніне алаңдаушылық білдіріп, осынау күрделі кезеңде Әмір мен бауырлас Қатар халқына тілектес екенін айтты.

— Шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни Қазақстанның ұдайы қолдауы үшін ризашылығын жеткізіп, екі ел арасындағы сан қырлы қарым-қатынасты достық және стратегиялық серіктестік рухында одан әрі нығайтуға ниетті екенін растады. Қазақстан Президенті қасиетті Рамазан айында Қатар Әмірінің мемлекеттік қызметіне табыс, ал бауырлас Қатар халқына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі, — тіледі делінген хабарламада.

Бұған дейін Президент Иордания халқына қолдау мен тілектестік білдірген болатын.

Соңғы жаңалықтар
Референдум