Президент Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялап жатыр

АСТАНА. KAZINFORM – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай отырысында «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты  Жолдауын жариялап жатыр.

Касым-Жомарт Токаев
Фото: Ақорда

Айта кетейік, Конституцияның 46-бабына сәйкес, Президент Қазақстан халқына елдегі жағдай мен Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы жолдау жасайды. 

Бүгінгі іс-шараға Құрылтай депутаттары, Үкіметтің және Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары, қоғам өкілдері мен еңбеккерлер қатысып жатыр. 

Жолдау республикалық телеарналардан, сондай-ақ Ақорданың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан тікелей эфирде көрсетіліп жатыр. Онлайн трансляция Jibek Joly эфирінде, сондай-ақ телеарнаның YouTube арнасында және Kazinform сайтында жүреді. Сондай-ақ Жолдау мәтінін агенттіктің телеграм арнасынан оқи аласыздар.

Еске салсақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде қазан айында Қазақстан халқына Жолдау жасап, алдағы жоспарларды айқындайтынын айтты. 

Президент былтыр «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялаған болатын.