Президент: Қазақстан Польшаны ЕО-дағы сенімді серіктесі ретінде қарастырады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Польшаны Еуропалық Одақтағы сенімді саяси және экономикалық әріптес ел ретінде қарастырады. Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан-Польша бизнес-форумы барысында осылай мәлім етті.
None
None

«Әлемде үлкен өзгерістер орын алып жатыр. Экономикаға саясаткерлер араласып, кедергі келтіретіні жақсы емес. Біз барлығымыз да Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғалы бері ұлы державалар арасындағы өзара сенімнің әлсіреп, керісінше бір-біріне деген сенімсіздіктің артып отырғанына алаңдаймыз. Осының барлығы экономикалық дамуға кедергі келтіреді. Дегенмен, Қазақстан мен Польша арасында ешқандай да саяси және экономикалық проблемалар жоқ. Біз дамуға тиіспіз», - деп мәлімдеді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев екі ел арасындағы тауар айналымы өткен жылы 1,1 млрд. доллар құрағанына назар аударды. Президенттің айтуынша, бұл көрсеткіш ынтымақтастықтың әлеуетті мүмкіндіктеріне еш жауап бермейді.

«Қазақстандық экспорт құрылымында Польшаға энергоресурстар, шикізаттар, химия және көмір өнеркәсібі өнімдері, қара металлургия, ауыл шаруашылығы, соның ішінде астық пен мақта басымдыққа ие. Ал Польшадан Қазақстанға импорттың негізгі түрлеріне тұрмыстық электро қондырғылар, жабдықтар, химиялық өнімдер, ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлік тауарлары, жиһаздар құраған. Соңғы жылдары Польшадан инвестиция да келе бастады», -деді Президент.

Бұдан басқа, Мемлекет басшысы бүгінгі күні Қазақстанда польшалық капиталдың қатысуымен 100 кәсіпорын жұмыс істеп тұрғанын атап өтті. Бірқатар, поляк кәсіпорындары фармацевтика мен құрылыс саласында жобаларды жүзеге асыру үстінде.

«Оннан астам Польшаның ірі компаниялары біздің елмен ынтымақтасуға қызығушылық танытып отырғаны маған белгілі. Қазіргі күні Қазақстанда польша компанияларының қатысуымен 100 млн. долларды құрайтын үш ірі жоба жүзеге асырылуда»,- деді Мемлекет басшысы.

Еске сала кетейік, 22-23 тамызда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Президент Анджей Дуданың шақыртуымен Польшаға мемлекеттік сапармен келген болатын. Форумға екі елден 400-ден астам кәсіпкерлер қатысты. 

Соңғы жаңалықтар