Президент: Қазақстан-Ресей шекарасын Достық белдеуі деп атауға толық құқықтық негіз бар
АСТАНА. KAZINFORM — Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің «Российская газета» басылымына шыққан «Мәңгілік достық — халықтарымызға жол сілтер темірқазық» атты авторлық мақаласында екі елдің шекарасы туралы шарттың бекітілгеніне 20 жыл толғанын еске салды.
— Аты аңызға айналған Байқоңыр ғарыш айлағының 70 жылдық мерейтойы екі елді біріктіретін тағы бір маңызды кезең болды. Бұл кешен ғарышкерліктің әлемдік бесігі және сана ұлылығының символы болып саналады, — деді Президент.
Байқоңыр ондаған жыл бойы ғылыми-техникалық прогресс пен болашаққа ұмтылысты бейнелейтін өзара стратегиялық әріптестіктің берік буыны болып отыр.
— Біз 2005 жылдың18 қаңтарындағы Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы шарттың бекітілгеніне 20 жыл толғанына үлкен мән береміз. Құжат — екі елдің егемендігі мен аумақтық тұтастығын өзара мойындаудың мызғымас құқықтық негізі. Әлемдегі ең ұзын үзіксіз құрлық шекарасын Достық белдеуі деп атауға толық құқықтық негіз бар.
Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумын жыл сайын өткізуі тегіс байланыстардың бүкіл кешенін дамытуға елеулі үлес қосатыны сөзсіз. Бұл формат жиырма жылдан астам уақыт ішінде екіжақты қатынастарды нығайтудың тиімді алаңы ретінде қалыптасты, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Айта кету керек, биылғы форум Орал қаласында өтеді.