Президент: Келер жылы бізді бірқатар атаулы дата күтіп тұр

АСТАНА. KAZINFORM – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтау сөзінде 2025 жылы күтіп тұрған атаулы даталарға тоқталды.

памятник Абая Кунанбаева г. Шымкент Абай Құнанбайұлының ескерткіші
Фото: Мақсат Шағырбаев/Kazinform

- Ұлы Жеңістің 80 жылдығын лайықты етіп өткіземіз. Конституция мен Қазақстан халқы Ассамблеясының отыз жылдығын жоғары деңгейде атап өтеміз. Сондай-ақ, ұлы Абайдың 180 жылдық мерейтойын лайықты атап өтуіміз керек, - деді Мемлекет басшысы.

Бұл жылды Президент «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялағаны белгілі.

- Бұл – еңбек адамдарына деген ерекше құрметтің белгісі. Біз отаншылдық, еңбекқорлық және біліктілікке айрықша мән береміз. Дәл қазір мерекеге қарамастан, мыңдаған отандасымыз жұмыс істеп жатыр. Олардың арасында шекарашылар, дәрігерлер, тәртіп сақшылары, құтқарушылар мен өрт сөндірушілер, өндіріс басындағы мамандар және басқа да азаматтар бар. Мұны өз ісіне деген адалдықтың нағыз үлгісі деуге болады. Мен бүкіл халқымыздың атынан Сіздерге шынайы ризашылығымды білдіремін. Шетелде білім алып жатқан немесе жұмыс істеп жүрген азаматтарымызға амандық тілеймін! – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент құттықтауының толық мәтінін мына сілтеме арқылы оқи аласыз.

Соңғы жаңалықтар