19:18, 15 Қараша 2025 | GMT +5
Президент «Келешек мұрасы» халықаралық сыйлығын тапсыру рәсіміне қатысты
АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия елдерінің және Әзербайжан президенттерімен бірге «Келешек мұрасы» халықаралық сыйлығын тапсыру рәсіміне қатысты.
Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің айтуынша, биыл тағайындаған бұл сыйлық дәстүрді жаңғыртуға, өнерді дамытуға, сондай-ақ ұлттық рухани мұраны насихаттауға елеулі үлес қосқан мәдениет қайраткерлеріне беріледі.
Қазақстаннан актер Еркебұлан Дайыров «Театр және кино» аталымы бойынша «Келешек мұрасы» сыйлығының лауреаты атанды.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан басшылары Ислам өркениеті орталығына келгенін жазғанбыз.