Президент Хо-сунг Сонгты ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады
АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев KIA Corporation президенті Хо-сунг Сонгты ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.

– Біз Сіздің қазақ-корей ынтымақтастығының дамуына, қос халықтың арасындағы достықтың нығаюына қосқан үлесіңізді жоғары бағалаймыз. Шын мәнінде, еліміздің автокөлік саласын дамытуға сіңірген еңбегіңіз мол, – деді Президент.
Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы телекөпір арқылы KIA Qazaqstan автомобиль зауытын ашты.
Бұдан бөлек, білікті кадрларды даярлау үшін компания корпоративтік оқу орталығын ашуды жоспарлап отырғаны белігілі болды. KIA осы арқылы қызметкерлерге қамқорлық – ұйым мәдениетінің маңызды бөлшегі екенін көрсетеді. Бұл шынайы құрмет пен ниеттестік ортасын қалыптастыратыны айтылды.
Енді азаматтарға автокөлікті лизингпен алу мүмкіндігі ұсынылады.