Президент қылмыстық кірістерді жылыстату мен терроризмді қаржыландыруға қарсы заңнаманы күшейтті

АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президент Қазақстан мен Қатар арасындағы ұстап беру туралы келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды
Фото: Ақорда

Айта кетейік, Мәжіліс заңнамаға қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға тосқауылдарды жетілдіруге арналған заңды бірінші оқылымда мақұлдады.

Бұған дейін Президент Президент Түрікменстанмен инвестицияларды қорғау жөніндегі келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды.

 

Соңғы жаңалықтар