17:02, 30 Қазан 2025 | GMT +5
Президент «Қызылорда-нан» цехына барды
АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қызылорда-нан» цехына барды, деп хабарлайды Ақорда.
«Қызылорда-нан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің нан-тоқаш, кондитерлік және макарон өнімдерін өндіретін кешені биыл қазан айында іске қосылды.
Жобаның жалпы құны – 5,6 миллиард теңге. Өндіріс толығымен автоматтандырылған.
Өнімдердің 30 пайызға жуығы кәсіпорынның жеке сауда желілері арқылы сатылады, ал 70 пайызы қала аумағындағы және маңындағы дүкендерге жеткізіледі.
Айта кетейік, Президент «Сыр жұлдыздары» шығармашылық-инновациялық академиясының қызметімен танысты.