Президент Князь II Альберді және Монако халқын Ұлттық күнімен құттықтады

АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысы Монако Князіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Князь II Альберді және Монако халқын Ұлттық күнімен құттықтады.
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы жеделхатта Монако княздігі халықаралық аренадағы беделін сенімді түрде нығайтып, бірегей мәдени мұрасын сақтау әрі байыту, сондай-ақ орнықты даму, қаржыны жауапты басқару және қоршаған ортаны қорғау моделі арқылы бүкіл әлемге үлгі болып келе жатқанын атап өткен.

— Қазақстан Президенті достық байланыстар мен өзара түсіністікке негізделген екіжақты ынтымақтастық қос халықтың игілігі үшін алдағы уақытта да нығая түсетініне сенім білдірді. Мемлекет басшысы Князь II Альбер мен оның отандастарына бақ-береке тіледі, — делінген хабарламада.

Бұдан бұрын Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентіне алғыс айтып, хат жолдағанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар