Президент: Қоғамдық көліктердің санын көбейту қажет

АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астананы дамыту жөніндегі кеңесінде қаладағы көлік инфрақұрылымына назар аудару керектігін айтты.

автобус Астана
Фото: Астана әкімдігі

— Көлік-логистика инфрақұрылымын одан әрі дамыту маңызды. Қалада сапалы және қолайлы инфрақұрылым болуға тиіс. Биыл Астананың көлік жүйесін дамытудың 2035 жылға дейінгі кешенді бағдарламасы қабылданды. Бұл құжаттағы іс-шараларды дер кезінде жүзеге асыру керек, — деді Тоқаев.

Қаладағы көлік инфрақұрылымына назар аудару керек.

— Азаматтар жолдың сапасы нашар екенін айтып, жиі шағымданады. Қоғамдық көліктердің қызметіне қатысты мәселелер де бар. Келеңсіз жайттар Астананың абырой-беделіне нұқсан келтіреді. Қоғамдық көліктер ең алдымен тұрғындарға ыңғайлы болуы керек және уақтылы жүруге тиіс. Жеке көліктен гөрі автобуспен жүрудің тиімді болғаны жақсы. Сондықтан қоғамдық көліктердің санын көбейту қажет, — деді Мемлекет басшысы. 

Айта кетелік Мемлекет басшысы Астана тек орталық көшелері айнадай жарқырап тұратын қала болмауы тиіс екенін айтқан еді

Соңғы жаңалықтар