Президент қоғамдық жұмысқа атсалысып жүрген жастарға алғыс айтты

АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысы Jasyl El ұйымының белсенділерімен әңгімелесіп, қоғамдық жұмысқа атсалысып жүрген жастарға алғысын білдірді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

қоғамдық жұмысқа атсалысып жүрген жастарға алғыс айтты
Фото: Ақорда

— Баршаңызға ризашылығымды білдіремін. Бұл — өте қажетті жұмыс. Еліміз бен халқымыз үшін керек іс. Сондықтан Сіздерге табыс тілеймін. Істеріңіз сәтті болсын. Ең алдымен ниетіміз таза болуы керек. Отанымыз үшін қызмет етуге тиіспіз. Jasyl El ұйымының жұмысын қолдаймын. Жұмыстарыңыз өзге жастарға өнеге, олар Сіздерден үлгі алады, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Jasyl El ұйымының белсенділері
Фото: Ақорда

Бұдан бұрын Президент Астана қаласындағы Ботаникалық саябақта ерікті және белсенді жастармен бірге ағаш екті.

Соңғы жаңалықтар