Президент Конституциялық сот төрағасы Эльвира Азимованы қабылдады
АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысына Конституциялық сот қызметінің нәтижелері жөнінде мәлімет берілді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
                                              Эльвира Азимова 2,5 жыл ішінде ведомствоға азаматтардан 11 мыңнан астам өтініш келіп түскенін айтты.
Конституциялық сот судьялары өтініштерді қарау барысында 5 мыңнан аса құқық нормасын зерделеді. Тексеру қорытындысы бойынша 300-ден астам шешім қабылданды. Соның ішінде заңдар мен басқа да нормативтік актілердің Конституцияға сәйкестігі тұрғысынан 74 қорытынды қаулы шығарылды. Осылайша, 20 құқық нормасы Конституцияға қайшы деп танылып, 25 құқық нормасына нақты түсіндірме берілді.
Бүгінге дейін заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы 41 нормативтік қаулы орындалды. Қазір Конституциялық соттың 19 нормативтік қаулысындағы құқықтық ұстанымдары ескерілген 8 заң жобасы Парламент палаталарында қаралып жатыр.
азаматтар егжей-тегжейлі құқықтық кеңес алу үшін Конституциялық сот аппараты жанындағы Өтініштерді қабылдау орталығына жүгіне алатыны жөнінде баяндады.
Бұған дейін мұндай консультацияларды мыңнан астам адам алды. Орталықтағы заң консультанттары мен адвокаттар азаматтарға тегін кеңес береді.
Президенттің пікірінше, Конституциялық сот азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға кепіл болуға тиіс. Сонымен қатар сот органының құқықтық ұстанымдарын дәйекті түрде іске асыру маңызды.
Айта кетелік Мемлекет басшысы Тәжікстан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдаған еді.