Президент ҚР Үкіметі мен Есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия ӨАҮО арасындағы оның Алматы қаласында орналасу шарттары туралы келісімді ратификациялады

Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығы арасындағы Алматы қаласында Орталықтың орналасу шарттары туралы келісімді ратификациялау туралы
2009 жылғы 16 қыркүйекте Астанада жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығы арасындағы Алматы қаласында Орталықтың орналасу шарттары туралы келісім ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ.
Астана, Ақорда, 2011 жылғы 25 қараша
№ 498-IV ҚРЗ
Заң республикалық БАҚ-та жарияланды.