Президент кубогы: 17 жастағы Әмір Омарханов жартылай финалға жолдама алды

ОРАЛ. KAZINFORM — Астана қаласында Президент кубогы үшін ерлер мен әйелдер арасында ITF World Tennis Tour турнирінде жұптық сында жартылай финалға шыққандар анықталды.

17 жастағы Әмір Омарханов жартылай финалға жолдама алды
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Әйелдер арасында қазақстандықтар Асылжан Арыстанбекова – Іңкәр Дүйсебай ширек финалда беларусьтік Владислава Зверева – грузиялық Зоза Кардаваны ұтты – 7:6 (7:4), 6:0.

А.Арыстанбекова – І.Дүйсебай финалға шығу үшін беларусьтік Аглая Фёдорова – Дарья Хомутянскаямен таласады.

Сандуғаш Кенжебаева – ресейлік Алиса Кюммель ширек финалда қазақстандықтар Аружан Нұранбай – Сәтима Төрегенді жолдан тайдырды – 6:1, 7:5.

Ерлер арасында 17 жастағы Әмір Омарханов түркиялық Мерт Алкаймен бірге қарсыластары матчқа келмегендіктен, ойнамастан жартылай финалға шықты.

Жарыстың 1-ракеткалары Григорий Ломакин – ресейлік Александр Лобанов ширек финалда қазақстандықтар Ілияс Маратұлы – Тайыр Сармановты жолдан тайдырды – 6:1, 7:5.

С.Кенжебаева, Ә.Омарханов және Г.Ломакиннің жұптық сында жартылай финалдағы қарсыластары кейін белгілі болады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Цинциннати турнирінде Путинцеваны жеңген теннисшінің Рыбакинамен ойнайтынын жазған едік.

 

Соңғы жаңалықтар