Президент кубогы: Астанадағы челленджер турнирінде Қазақстан намысын кімдер қорғайды

АСТАНА. KAZINFORM - Елордада Президент кубогы үшін теннистен ерлер арасында өтетін челленджер турнирінің жеребесі тартылды.

Президент кубогы: Астанадағы челленджер турнирінде Қазақстан намысын кімдер қорғайды
Фото: ҚТФ

Қазақстан теннисінің жас жұлдыздары Әмір Омарханов пен Заңғар Нұрланұлы ұйымдастырушылардан арнайы шақырту алды.

Әмір алғашқы айналымда жапониялық Имай Шинтаромен, Заңғар тәжірибелі литвалық, әлемнің бұрынғы 50-ракеткасы Ричардас Беранкиспен ойнайды.

Іріктеу сайысында Григорий Ломакин, Ислам Орынбасар, Ерасыл Бақтияр және Даниэль Тазабеков бақ сынайды. Ислам түркиялық Арда Азкардан, Григорий жапониялық Тайсей Ичикавадан, Ерасыл оңтүстіккореялық Пак Юсунгтен, 17 жастағы Даниэль Жаронияның тағы бір өкілі Риотара Тагучиден өтуге тырысады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Монреаль турнирінде Рыбакина мен Путинцеваның бақ сынайтынын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар